10.09.2025, 17:38
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында бойжеткеннің қазасына жол бойында жайылып жүрген жылқы себеп болды
Қайғылы оқиға 6 қыркүйек күні болды
Фото: instagram.com/112_mangystau_oblysy
Маңғыстау облысында көлік жол бойындағы жылқыны қағып кеткеннен кейін 26 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 6 қыркүйек, яғни сенбі күні «Ақтау-Жетібай» автожолының 77-шақырымында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол бойындағы жылқыны қағып кеткен. Апат салдарынан екі адам зардап шекті. 1998 жылы туған қыз бала алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
Жүргізушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бойынша тексеріс басталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды