Қазақстанда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Автор: Асыл Арман

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 538,2 теңгеге жетті

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,2 теңгені құрап, 1,46 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 10 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 536,76 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,02 теңгені, сату – 539,85 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 537 теңгеден сатып алып, 542 теңгеден сатуда.

Еске сала кетсек, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендеген болса, 9 қыркүйекте 1,67 теңгеге өскен еді.