Ұлытау облысында такси арқылы есірткі қабылдап, оны таратып жүрген әйел адам ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ұлытау облысында 160 кг-дан астам есірткі тәркіленді

Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында 2024 жылы өңірде 160 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленіп, облысқа жеткізудің үш ірі арнасы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жезқазған мен Сәтбаевтағы операция

7 тамызда Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Кеңгір кентінде кең ауқымды жедел-іздестіру шаралары өтті. Соның нәтижесінде аса ірі көлемде есірткі сақтап, сатумен айналысқан 7 адам ұсталды. Олардан 100 кг-нан астам есірткі табылды.

Әйел адамнан синтетикалық есірткі алынды

Сәтбаев қаласында «Г» есімді азаматша ұсталып, одан 600 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Тергеу барысында есірткінің Қарағанды қаласынан такси арқылы жеткізіліп, облыс аумағында «закладка» әдісімен таратылғаны анықталды.

Қаржылық арналарға тосқауыл қойылды

Есірткі бизнесін қолдайтын интернет-дүкендердің қызметін әлсірету үшін 2870 банк есепшоты бұғатталды. Жалпы сомасы 92 млн теңгеден астам ақшаға тыйым салынды.