Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Конго елінің президентін қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Осыдан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.