Теміртау мектептеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады

Автор: Асыл Арман

Теміртауда мектептерге жарылғыш зат қойылды деген қауесет шындыққа жанаспайды

Фото: istockphoto.com

Теміртау қаласында мектептерде жарылғыш зат бар деген ақпарат таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда құқық қорғау органдары бұл мәліметке жедел түрде жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресми түрде мәлімдейміз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлері тарапынан тексерілді және қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД өкілдері.

Ведомство жалған «әзілдердің» авторлары үшін салдары ауыр болатынын ескертті: терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қала тұрғындарына сабыр сақтап, тек ресми дереккөздерге сену қажеттігі ескертілді.