21 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығару жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Елімізде 1 қыркүйектен бастап республика көлемінде «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара барысында:
21 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды. Олардан «Қаңтар» оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді.
«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.