Ол кінәсін толық мойындап, болашақта қайталамауға уәде берді
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мас күйде көлік жүргізіп, бұзақылық жасаған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалына сәйкес, ер адам 2025 жылы 29 шілдеде шамамен түңгі сағат 1-де Ақтау қаласы «Промзона-6» елді мекеніндегі тас жолда көлік құралын басқара отырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату және алкоголь, есірткіге қарсы куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамай, қасақана ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысында Қ. кінәсін толық мойындап, болашақта қайталамауға уәде берді. Оның кінәсі іс материалдарымен толықтай дәлелденді.
Сот Қ.-ны кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, 28 күнге әкімшілік қамауға алуға шешім қабылдады. Қаулы заңды күшіне енді.