$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Оңтүстік Кореяға арнайы полицей-атташе тағайындайтын болды

Оның міндеті – Қазақстан азаматтарының елде болуын бақылау, заңсыз еңбек қызметі мен заңсыз көші-қон деректерін тіркеу

Қазақстан Оңтүстік Кореяға арнайы полицей-атташе тағайындайтын болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ҚР ІІМ және СІМ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты тақырып – заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл және Қазақстан азаматтарының Корея Республикасының аумағында заңды болуын қамтамасыз ету.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінде полицей-атташенің тағайындалатыны туралы шешім қабылданды. Оның міндеті – Қазақстан азаматтарының елде болуын бақылау, заңсыз еңбек қызметі мен заңсыз көші-қон деректерін тіркеу, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бұл мәселе тұрақты бақылауға алынғаны атап өтілді. Барлық анықталған заңбұзушылықтар жедел түрде тіркеліп, уәкілетті органдарға жолданатын болады.

Серіктес жаңалықтары