БАӘ-ден арзан көлік жеткізіп беремін деген күдікті 7 адамды алдап, 50 млн теңгесін қағып алды

Автор: Асыл Арман

Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ҚР ІІМ

БАӘ-ден автокөлік жеткізуді уәде еткен алаяқ жеті қазақстандықты алдап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Ақтөбеде полицейлер ірі алаяқтық жасады деген күдікпен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. ІІМ дерегінше, ер адам әлеуметтік желілерде «Автобан Дубай» деген атаумен парақша ашып, Біріккен Араб Әмірліктерінен автокөліктерді «тиімді бағамен» жеткізу қызметін ұсынған.

«Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 7 азамат зардап шеккені анықталды. Жалпы шығын көлемі 50 млн теңгеден асты», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.