Оқиға Біржан сал ауданында болды
Ақмола облысының Біржан сал ауданында «Заң мен Тәртіп» акциясы және «Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында ерекше сот отырысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада азамат «В»-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шараның мақсаты – бас бостандығын шектеу жазасын өтеу кезінде құқық бұзбау керектігін түсіндіру және талаптарды елемеген жағдайда жаза қатаңдатылатынын ескерту болды.
Сотталған азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл жағдай жазаны қайта қарауға негіз болған.
Сот ұсынылған материалдарды зерделеп, прокуратураның дәлелдерін негізді деп тапты. Нәтижесінде азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.