$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түйежоңышқа егістігі: ақтөбелік фермерлер жайылымдарды енді цифрлы жолмен бақылай алады

Олар жайылымдарды жаңа әдіспен еккен

Түйежоңышқа егістігі: ақтөбелік фермерлер жайылымдарды енді цифрлы жолмен бақылай алады
Фото: ҚЭҰҚ

Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында фермерлер агролесомелиорацияның заманауи әдістерін меңгеріп жатыр. Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде арнайы құрылған тәжірибелік үлгі алқаптары көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұнда еркекшөп пен түйежоңышқа сияқты дақылдар заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде чизельді соқа қолданылып, ғылыми негізделген әдістемемен егілген. Жергілікті шаруалар жаңа тәсілге ерекше қызығушылық танытты.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы «Климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруге арналған агролесомелиорация» жобасы аясында өткен семинарда жайылымдарды цифрлық бақылау мүмкіндіктері таныстырылып, агротехнологияларды қолданудың тиімділігі паш етілген.

Алғаш рет фермерлер мен ауыл тұрғындары арасында цифрлық сауалнама жүргізіліп, ауыл шаруашылығында кооператив құру мәселесі талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәжірибелер агросектордың тиімділігін арттыруға жол ашады.

Жергілікті тұрғындар, фермерлер, әйелдер мен жастар белсенділік танытып, жайылымдарды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстарын білдірген.

Жоба сарапшылары фермерлердің практикалық әдістерге қызығушылығы зор екенін атап өтті.

«Ең маңыздысы – жергілікті қауымдастықтардың белсенді қатысуы. Бұл бастаманың тұрақтылығы мен әрі қарай дамуының кепілі», – деді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында  инновация мен ғылыми жаңалықтарды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану жайлы айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары