Өскеменде көшенің қақ ортасында тапанша ұстап жүрген жасөспірім қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Өскеменнің орталығында кәмелетке толмаған жасөспірімнен травматикалық тапанша табылды

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Өскемен қаласының орталығында 2008 жылы туған жасөспірімнен травматикалық тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлерінің бірлескен патрульдеу кезінде болды. Назарбаев даңғылында олар өзін агрессивті ұстаған жасөспірімді байқап қалған.

«Бізді көрген кезде ол аулаларға қарай қашпақ болды, алайда қолға түсті», – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері.

Тексеру барысында жасөспірімнің сөмкесінен травматикалық тапанша табылды. Ол ары қарайғы тексеру үшін Ертіс аудандық полиция бөліміне жеткізілді.