Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол оны инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп өзгерту керек деді 

Фото: видеодан скриншот

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында комитеттің атауын өзгерту қажетін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үкімет инвестиция тарту жүйесін түгел жағырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетін инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп өзгерту керек. Бас прокуратура  заңсыз актив иелерімен жақсы жұмыс істеді. Қазынаға 850 млрд теңге қайтарылды. Оған 10 мектеп, 4 спорт кешені, 235 денсаулық сақтау және 177 сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы салынды. Республикалық бюджетке қосымша қаржының түсуі де қарастырылып отыр», - деді президент.

Оның айтуынша, үкімет инвестиция тарту бойынша стратегияны өзгертіп, қайта қарауы керек.

«Елімізде бірде-бір мекеме атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруі тиіс», - деді Тоқаев.