АЭС-тің құрылысы екі жылдан кейін басталатын болды
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі алғашқы атом электр станциясының атауын анықтауға арналған конкурсқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ең басты сыйлық – атауды таңдауға қатысқаныңды сезіну. Жеңімпаз нұсқаға дауыс берген Қазақстан азаматтарының барлығы «тең автор» мәртебесін алып, арнайы сертификатқа ие болады. Әркім балаларына: «Бұл станцияға мен атау бердім» деп мақтанышпен айта алады», – дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Ол сөзін жалғай отырып, халықаралық тәжірибе негізіндеАЭС-тің құрылысы кемінде екі жылдан кейін басталатынын айтты.