Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкері орден-медальдармен марапатталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», - деп жазды Берік Уәли. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.