Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады

Автор: Дәулет Ботагөз

Жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталды

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Құтқарушылардың жұмысы

Алматы қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылды.

  • Құтқарушылар үздіксіз су жеткізіп, жалынды оқшаулады;
  • Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді қамтыған;
  • Шатырдың бір бөлігі құлаған.

Мамандардың айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 11:22-де толық сөндірілген.