Henley Passport Index нәтижесі шықты
Қазақстан паспорты әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде 61-орынға орналасты. Бұл туралы халықаралық Henley Passport Index деректерінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Индекс елдердің азаматтары визасыз бара алатын мемлекеттердің санына қарай жасалады. Қазақстан азаматтарына қазіргі таңда 79 елге визасыз кіру мүмкіндігі бар.
Қазақстан рейтингте бірқатар ТМД және көршілес елдерден жоғары тұр:
Жаңа тізімде Сингапур бірінші орында (193 ел), одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея (190 ел) тұр. Ал тізімнің соңына Ауғанстан, Ирак және Сирия паспорттары жайғасқан.
Henley Passport Index – халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) деректеріне негізделген әлемдік рейтинг. Жылына бірнеше рет жаңартылатын бұл индекс саяхаттаушыларға паспорттың күшін бағалауға және визасыз саяхат мүмкіндігін көруге бағытталады.