07.09.2025, 10:32
Жаңалықтар
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды – синоптиктер ескерту жасады
Бұл ауаның өздігінен тазаруына кедергі келтіреді
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 7 қыркүйек күні Алматы қаласында, түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфералық ауаның өздігінен тазаруына кедергі келтіретін құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
- штиль;
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Осы құбылыстар кезінде зиянды қалдықтар жердің төменгі қабатында жиналып, ауаның уақытша ластануына әкеледі.
Дәрігерлердің кеңесі
Сарапшылар Алматы мен Атырау тұрғындарына мынадай кеңес береді:
- автожолдардың маңында ұзақ уақыт тұрмау;
- ашық ауада физикалық белсенділікті азайту;
- балалар мен қарт адамдардың далада жүру уақытын шектеу;
- өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар дәрілерін қасында ұстауы тиіс.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды