20-21 маусымда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды
20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын жерлерде ауқымды дезинфекция жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қалалық қызметтермен қатар автобус парктері де дезинфекция жұмыстарына қатысты. Дезинфекция автобустар мен автопарк ғимараттарында жүргізілді.
«Бағдарларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жүргізушілер соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жұмыстарын одан әрі қарай да жүргізеді. Жолаушылардан бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз — автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол жүру ақысы қолма-қол қаржысыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді», - деп жазылған хабарламада.