Барлығы 98 азаматтан өтініш түсті
Жамбыл облысында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыру бойынша республикалық акция аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер органдарының мәліметінше, шара аясында тұрғындар ерікті түрде 129 қаруды полицияға өткізді. Оның ішінде:
Барлығы 98 азаматтан өтініш түсіп, оларға мемлекет тарапынан өтемақы төленді.
Акцияға республикалық бюджеттен 10,8 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Тұрғындарға өтемақы ретінде жалпы сомасы 10 млн 895 мың 572 теңге төленді.
Облыстық полиция департаменті мұндай шаралар қоғамдағы құқықтық мәдениеттің артқанының белгісі екенін атап өтті.
«Тұрғындардың белсенділігі азаматтардың құқықтық санасының өскенін және қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. Мұндай акциялар қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алуға әрі халықтың полицияға сенімін арттыруға ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.