Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы тәулікте еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей аймақтарда желдің күшеюі байқалады. Ал оңтүстікте күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, ауа температурасы түнде 10-17, күндіз 20-27°С шамасында болады.
Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндізгі температура 30-37°С дейін жетеді. Шымкент пен Түркістанда күн 35-37°С ыстық болады.
Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында негізінен ашық ауа райы болжанады. Кей жерлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Температура түнде 7-15, күндіз 20-30°С аралығында.
Жетісу мен Алматы облыстарында жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Алматы мен Қонаевта күндіз 31-33°С, Талдықорғанда 30-32°С жылы күтіледі.