Жол апаты таңғы уақытта болды
Алматы қаласының Жетісу ауданында жүк көлігі мопедті басып кетті. Оқиға орнына әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Centralmedia24 мәліметінше, қаза тапқан әйел 54 жаста болған.
Белгілі болғандай, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қапшағай трассасымен оңтүстік бағытта келе жатып, Honda маркалы мопедпен соқтығысқан. Мопедті 54 жастағы әйел жүргізген. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Апатқа байланысты Алматы ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.