Отбасындағы жанжал сотқа жетті
Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, ер адам мас күйінде үйіне келіп, әкесін балағаттап, отбасы мүшелеріне құрметсіздік танытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арнайы әкімшілік сотта оның әрекеті ӘҚБтК-нің 669-бабы 2-бөлігі бойынша қаралды.
Белгілі болғандай, ол бұған дейін де – 2025 жылғы 30 маусымда осындай әрекеті үшін әкімшілік қамауға алынған. Алайда тиісті қорытынды шығармаған азамат бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылыққа барған.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтты. Дегенмен, сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын белгіледі.