Оқиға 4 қыркүйек күні болды
Өзбекстанның Жизақ облысында қыз бала дәретхана шұңқырына құлап кетіп, қалтасындағы телефонымен құтқарушыларды өзі шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жизақ облысында қыз бала дәретхана шұңқырына құлап, құтқарушыларға өзі хабарласқан.
Nova24.uz мәліметінше, оқиға 4 қыркүйекте Бахмаль ауданы, Юлдошбой елді мекенінде болды. Қыз бала жеке үйдің ауласындағы дәретханаға құлап кеткен. Ал сол сәтте жанында ешкім болмапты. Қалтасындағы телефонымен Төтенше жағдайлар министрлігін шақырған.
Шақыру бойынша құтқарушылар дереу жетті. Құтқару қызметінің мамандары баланы шұңқырдан шығарып алды. Оқыс оқиғадан қыз баланың денсаулығына қауіп төнбеген.