ШҚО-да 20 гектар жерге есірткі өсірілген

Автор: Асыл Арман

Есірткі егілген алқап дрон арқылы табылды

Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Ұлан және Зайсан аудандарын тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен дрондар қолданылды. Бұл іздестіру жұмыстарын тиімдірек өткізуге және қамтылатын аумақты кеңейтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 гектар жерден 8 мыңнан астам бұта жойылды

Тексеру нәтижесінде 20 гектардан астам аумақта 8 мыңнан астам жабайы қарасора бұтасы анықталып, жойылды.

Есірткі айналымына қарсы жүйелі жұмыс

ШҚО полиция департаменті мәлімдегендей, есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеу бағытындағы шаралар жүйелі түрде жалғасады. Бұл жұмыстарда заманауи технологиялар қолданылып, басқа да күштік құрылымдармен өзара іс-қимыл нығайтылады. Әрбір жойылған қарасора бұтасы – қоғам қауіпсіздігіне қосылған үлес.