Бірнеше күн бұрын солшыл радикалдар Америка туын өртеп жіберген
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка туын өртегендерді бір жылға түрмеге қамауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
20 маусым күні Оклахома штатының Талса қаласында өткен митингте «солшыл радикалдар» Джордж Вашингтонға қойлыған ескерткішті жұлып алып, оны Америка туымен бірге өртеп жіберген.
«Біз Америка туын өртегендерді бір жылға түрмеге қамайтын заң қабылдауымыз керек», — деді Трамп.
Айта кету керек, бүгінгі таңда АҚШ заңында туды өртегендерге ешқандай жаза қарастырылмаған.