Прокурорлық қадағалау қорытындысы бойынша облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Қарағанды облысында прокуратураның араласуынан кейін ғана Нұра ауданы ауылдарының тұрғындары таза суға қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында талдау жүргізді.
Аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай, тұрғындардың құқықтарының бұзылуына соқтырғаны анықталды. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының басым бағыттарының бірі.
«Прокурорлық қадағалау қорытындысы бойынша облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа ауданның 9 ауылында ұңғымалар бұрғыланып, су тартатын мұнаралар орнатылды.
Бүгінгі таңда бес ауылда жұмыс аяқталып, тұрғындар таза суға қол жеткізді.
Құрылыстың барысы мен бөлінген қаржының игерілуі аудан прокуратурасының бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.