Прокуратура бастамасымен рейд жүргізілді
Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен полиция департаменті елорданың 15 ойын-сауық мекемесінде рейд жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейд барысында клубтардан жеті баллон азот тотығы мен 14 қаптама әуе шарлары тәркіленді. Оларды жастар «күлдіргі газ» ретінде демалу үшін қолданған.
Нәтижесінде төрт азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Прокуратураның мәліметінше, есірткілер мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз қолдану фактілерін анықтау және жолын кесу тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс астаналық прокуратураның ерекше бақылауында тұр.
Ғылыми атауы – азот тотығы. Ол ресми түрде есірткіге жатпайды, бірақ күшті әсер ететін заттар санатына кіреді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, оны медициналық мақсаттан тыс қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.