$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында ауыл әкімінің былықтары әшкере болды: ол жұмысынан қуылуы мүмкін

Атырау облысында ауылдық округ әкімі қызметінен босатылмақ

Атырау облысында ауыл әкімінің былықтары әшкере болды: ол жұмысынан қуылуы мүмкін
Фото: freepik.com

Атырау облысында Әдеп жөніндегі кеңесте бірнеше тәртіптік іс қаралды. Соның нәтижесінде Бөкейхан ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиевті қызметінен босату ұсынылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында заңбұзушылықтардың бірқатары анықталған. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінен айырылған қызметкерге еңбекақы төлеу, қызметтік үйді негізсіз беру, мемлекеттік сатып алу мен құрылыс саласында заң талаптарын бұзу деректері тіркелген.

Сондай-ақ әкімнің жеке қожалығында ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану фактісі әшкере болды. Бұдан бөлек, құны 16 миллион теңгеден асатын трансформатордың Төреғалиевтің үйінің маңына орнатылғаны күдік тудырды. Бұған дейін әкімге ескерту берілген болатын, ал бұл жолы кеңес оны жұмыстан босатуды жөн көрді.

Ал Доссор кентінің әкімі Аслан Қосмағамбетовке тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді. Себеп – тұрғындарға берген уәделерін орындамау және қызметтік әдеп нормаларын бұзу. Сонымен қатар, оған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті 9 миллион теңгелік көгалдандыру тендеріне байланысты қылмыстық істі тексеріп жатыр. Кәсіпкердің айтуынша, әкім мемлекеттік сатып алу барысында пара алу фактісіне жол берген болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары