Қазақстанда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды
Қазақстан азаматы лаңкестік ұйымға қосылу мақсатында шетелге кетіп бара жатқан жерінен ұсталып, сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ҰҚК мәліметінше, тамыз айының өзінде Қазақстанда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды.
Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.
«Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.