$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атышулы блогер Ерболат Жанабыловтың ісі Астана сотында қаралатын болды

Олардың заңсыз ұтыс ойнатпақ болғаны белгілі болды

Атышулы блогер Ерболат Жанабыловтың ісі Астана сотында қаралатын болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астанада автокөліктер мен смартфон ұтыстарына қатысты атышулы іс сотқа жетті. Ертең, 5 қыркүйек күні, сағат 10:30-да елордадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында блогер Ерболат Жанабыловқа («ЭЛЁР» жеке кәсіпкерлігі) қатысты іс қаралады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұтыс ойыны қалай ұйымдастырылды?

Уәкілетті органдардың нұсқасы бойынша, Жанабылов Instagram-дағы «zhanabylov_e» аккаунты арқылы көліктер, ақша және құнды сыйлықтар ойнату туралы жазба жариялаған. Алайда бұл әрекет заңсыз лотерея ретінде бағаланды. Себебі қатысушылар ұтысқа қатысу үшін «Zhana Busunes» ЖШС-нің «оқыту курсын» сатып алуы тиіс болған. Оның бағасы – 30 мың теңге.

Даудың шығу себебі

18-21 тамыз аралығында Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегенова 11 автокөліктің ұтысын жариялады. Қатысушылар тікелей эфир күткен еді, алайда оларға ақылы курстарға сілтеме берілген. Ұтысқа тек курсты сатып алғандар ғана қатыса алды. Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Серіктес жаңалықтары