Астанада пәтер ұрысы қолға түсті
Полицейлер 26 жастағы тұрғынның үйінен 750 мың теңгенің екі ноутбугін ұрлаған 38 жастағы қылмыскерді ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті пәтер қоңырауын соққаннан кейін ешкім ашпаған соң, «кале» кілтін таңдау арқылы ішке кіріп, «Asus» және «HP» маркалы ноутбуктерді алып кеткен.
Күдікті қылмысын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Құқық қорғаушылар тұрғындарға қырағылық танытып, мүліктің сақталуына ерекше мән беруді және күдікті жағдайларды дереу 102 нөміріне хабарлауды ескертті.