Сот оның үшінші топ мүгедек екеніне қараған жоқ
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізумен айналысты деген айыппен Ресей азаматына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айыпталушы Қазақстанға Telegram мессенджеріндегі «L» аккаунт иесімен келісім бойынша келіп, «қоймашы» ретінде жұмыс істеген. Белгісіз тұлғамен бірге аса ірі көлемде альфа-PVP психотроптық затын сақтаған.
Жеке тінту кезінде оның қалтасынан жалпы салмағы 1,76 грамм болатын 5 түйіншек тәркіленді.
ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге мүлікті тәркілеумен бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот айыпталушының кінәсін мойындауын және мүгедектігін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Нәтижесінде, С. 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.