Облыста «Тексеру» алдын алу іс-шарасы өтті
«Тексеру» алдын алу іс-шарасы кезінде тыйым салынған заттарды түрмеге өткізбек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
40 жастағы ер адам ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 ерекше режимдегі түзеу мекемесіне «Asu» су бөтелкесіне ішімдік құйып алып өтпек болған.
Тағы бір мысал, ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/1 тергеу изоляторында болды. «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы тергеудегі танысына сәлемдеме жіберген әйел тосап салынған ыдысқа есірткі салып жіберген. Мекеме қызметкерлері айыпталушының көзінше оған келген сәлемдеменің ішінен көлемі 0,5 литр пластик ыдыстағы тосаптан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті затты тәркіледі. Алынған өсімдік тектес зат сараптамаға жіберілді.
Сондай-ақ, ШҚО бойынша ОВ 156/15 қатаң туртіптегі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамға «Роллтон» тез дайындалатын кеспесінің ішіне телефонды тығып кіргізбек болған.
Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес барлық тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналған.
«Қойылған мақсатқа толық қол жеткізу үшін тексеру тобының қызметкерлері өз жұмыстарын ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сотталғандарға кездесуге келген адамдармен тексеру алдында мекемеге тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу туралы профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізіледі, сол арқылы оларға қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі, бұл туралы тиісті құжаттамаға белгі қойылады. Алайда, тұрақты ескертулерге қарамастан, келушілер талаптарды бұзуды жалғастыруда және күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасауға тырысады»,- деді ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің бастығы Ерсайын Нуртазинов.