Берік Нәжімеденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Автор: Асыл Арман

Сенат депутаттары осындай шешім қабылдады

Фото: t.me/mspotkay

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімеденовті қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президенттің ұсынуы бойынша Сенат депутаттары Жоғарғы соттың судьясы Нәжімеденов Берік Төлеутайұлын қызметінен босату жөнінде дауыс берді. Бұл мәселе алдын ала Сенаттың бейінді комитетінде қаралған», – деп жазды Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында.

Ол сондай-ақ Сенаттың ерекше өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын Президенттің ұсынуымен сайлау және қызметінен босату кіретінін еске салды.