Астанада А.Бараев көшесіндегі жерасты көлік өткелі тағы бір айға жабылды

Автор: Асыл Арман

Бұл аумақта 25 шілдеден бастап қабырғаларды қаптау жұмысы жүріп жатыр

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласында А.Бараев көшесіндегі жерасты көлік өткелі тағы бір айға жабылатын болды. Бұл аумақта 25 шілдеден бастап қабырғаларды қаптау және жиектастарды ауыстыру жұмысын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмыстардың жалғасуына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», – делінген әкімдік хабарламасында.