Жаңа туған нәресте Қазавиақұтқару тікұшағымен жеткізілді
Ұлытау облысында жаңа туған нәрестені құтқару үшін Атасудан Жезқазғанға дейін тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп Жезқазған-Атасу-Жезқазған бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындады.
Жаңа туған нәрестеге мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, ұшу дереу ұйымдастырылды. Анасы сәбиімен бірге тасымалданды.
«Ұшқыштардың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Нәресте анасымен бірге әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.