ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында ішімдікке сылқия тойып алған бозбаланың анасы айыппұл арқалады

Кәмелетке толмаған баласының ішімдік ішуіне байланысты анасы жазаланды

Ұлытау облысында ішімдікке сылқия тойып алған бозбаланың анасы айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында әйелге кәмелетке толмаған ұлының мас күйде болғаны үшін 78 640 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімшілік іс қаралған сот

Іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Әйелдің өз міндеттерін орындамауы салдарынан оның жасөспірім ұлы жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келісті.

Заң бойынша жаза түрлері

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігіне сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау көзделген.

Сот айыппұл көлемін тағайындағанда әйелдің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Қылмысты ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Соттың қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары