Халықаралық матч қарсаңында қауіп күшейді
Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» футбол матчы алдында полиция азаматтарды алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Ірі спорттық іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер сататындар көбейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының полициясы билеттерді қолдан жасайтын алаяқтардың ең кең таралған тәсілдерін түсіндіретін бейнеролик жариялады. Бұл алдын алу шаралары халықты сақ болуға шақыруды көздейді.
Полицейлердің айтуынша, билеттерді тек ресми кассалардан немесе лицензияланған дистрибьюторлардан сатып алу қажет. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін ұсыныстарға сенбеу керек.
«Матчқа қызығушылық артқан сайын алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Ешқашан тексерілмеген платформалардан билет сатып алмаңыз. Қаражатыңызды қорғаудың ең сенімді жолы – ресми кассаға жүгіну», – деді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталса, дереу «102» нөміріне хабарлауды ескертеді.