Алайда солтүстік өңірлерде бұршақ, жаңбыр жаууы мүмкін
Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, сонымен қатар найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 4-5 қыркүйекте еліміздің батысында, 5-6 қыркүйекте солтүстік-батысында бұршақпен және екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, деген болжам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық аймақтарда, сондай-ақ 5-6 қыркүйекте шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Шығыста, 5 қыркүйекте солтүстік-шығыста, 4-5 қыркүйекте орталықта түнгі уақытта ауа температурасы 2-10 жылы шамасында болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндізгі температура: