Қостанай облысында тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатып келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік мәліметінше, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру – жай ғана азаматтық дау емес. Бұл – халықтың меншігіндегі табиғи ресурстарды ұрлау, сондай-ақ мемлекетке экономикалық және экологиялық тұрғыдан зиян келтіретін қылмыстық әрекет.
ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап берді. Оның құқықтары толық сақталды, ешқандай мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Агенттік қоғамға ресми ескерту жасады: шындыққа сай келмейтін ақпарат тарату – тергеуге кедергі келтіру болып саналады.