Қызметкерлер мен балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ
Қарағандыда 2 қыркүйек күні Актөбе көшесіндегі үш қабатты лицей-интернатта өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шатырдан басталған. Қызыл жалынның аумағы шамамен 15 шаршы метрге жетті.
Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, оттың таралуына жол берген жоқ. Құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан өз бетімен 270 адам эвакуацияланды, оның ішінде 240 бала бар. Қызметкерлер мен балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Ведомство азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.