Тек соңғы тәуліктің өзінде 1 076 құқық бұзушылық тіркелген
Алматы қаласында жыл басынан берпі электросамокатшылар тарапынан 11 922 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, тек соңғы тәулікте 1 076 құқық бұзушылық тіркелген:
Сонымен қатар, самокаттарды тротуарлар мен жол бойына тастап кету жағдайлары да тіркеледі, бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін қауіпті. Нәтижесінде 69 электросамокат арнайы тұраққа қойылды.
Полиция кикшеринг компаниялардың бірімен келісімге келіп, патрульдеу кезінде пайдалану үшін 50 электросамокат пен қорғаушы шлемдерді тегін алды.
«Бұл қызметкерлердің мобильділігін арттырып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Электросамокаттар мен электрвелосипедтерді пайдалану тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтауды талап етеді. Тек осылай ғана қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады», – деп ескертті Алматы қаласы полициясы.