ҚР ТЖМ оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы мен медициналық авиация бригадасы Талдықорғаннан Жаркентке науқасты шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиақұтқару» АҚ ҚР ТЖМ экипажы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп Талдықорған – Жаркент бағыты бойынша шұғыл рейс орындады.
«Науқасқа арнайы медициналық көмек жедел қажет болғандықтан, ұшырылым жедел түрде ұйымдастырылды.
Ұшқыштардың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті, науқас әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.