$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сейсенбіге күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Мамандардың мәліметіне сәйкес, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары

Сейсенбіге күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық, қатты жел мен найзағай болуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Жетісу облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе мен Ақтауда да төтенше өрт қаупі бар.

Шымкент пен Түркістанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, өрт қаупі күшейеді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, желдің күшеюі, найзағай, тұман және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар, Семей, Өскемен, Ақмола және Павлодар облыстарында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары