Ерке Есмахан мен RaiM алғаш рет балаларының жүзін көрсетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олар қазір үш ұл тәрбиелеп отыр

Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен RaiM отбасылық фотоларын жариялап, алғаш рет тұңғышының жүзін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерке Есмахан мен RaiM үш ұл тәрбиелеп отыр: әншінің алғашқы некесінен туған тұңғышы және ортақ екі ұлы. Кенже сәбиі биыл жазда дүниеге келген болатын.

Осыған дейін жұлдызды жұп отбасылық суреттерінде тұңғышының жүзін көрсетпей келген еді. Ал Instagram-ға жүктелген соңғы фотоларда балалардың бет-әлпетін анық көруге болады.