Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды
Қостанайда Lada-14 пен BMW көліктері соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada жүргізушісі жол бермеген, соның салдарынан екі көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram-дағы ilovekostanayy парақшасында жарияланды. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Олар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, бастапқы материалдар жиналған.
«Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.