Ақорда Бейжіңде өткен ресми қарсы алу сәтінің кадрларын жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда Бейжіңде өткен ресми қарсы алу сәтінің кадрларын жариялады. Онда мектеп оқушылары қолына жалауша ұстап, ән шырқап, Қасым-Жомарт Тоқаевты жылы қарсы алғаны көрсетілген.
Мемлекет басшысы үшін арнайы өкілдік автокортеж де дайындалған.
Белгілі болғандай, Қазақстан президенті «Қазақстан – Қытай» іскерлік кеңесінің отырысына қатысады. Оның аясында жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын 70-тен астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр.