Қарасай ауданында құрғақ шөп жанды
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінде таулы аймақтағы мемлекеттік жер қорында құрғақ шөп өртенді. Өрт аумағы шамамен 30 гектарды қамтыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалынды ауыздықтауға 147 адам, 21 техника және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ 17 рет су төгіп, барлығы 51 тонна су пайдаланған.
Өрт сөндіру процесі таулы рельеф, қалың өсімдіктер, жел екпіні және кірме жолдардың болмауы себебінен күрделене түсті.
Құтқарушылар елді мекендерге қауіп төндірмеу және жабайы табиғатты сақтау үшін тәулік бойы жұмыс істеді. Оқиға орнында ТЖД бастығы болып, өрт сөндіру іс-қимылдарын үйлестірді. Қазіргі уақытта қаралау жүргізілуде. Жағдай толық бақылауда, елді мекендерге қауіп жоқ.