Оқиға Тасқала ықшамауданында болды
Атырау қаласында автобус қағып кеткен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
AtyrauPress мәліметінше, оқиға Тасқала ықшамауданында 30 тамыз күні сағат 13:30 шамасында орталық көшеде, аялдама маңында болды.
2005 жылы туған жеткіншек жолды кесіп өтпек болған сәтте автобус дөңгелегінің астына түсті. Жедел жәрдем дәрігерлері баланың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті құжаттар жиналып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.